|
25.12.2019 | 11:05
4666

Проблемалық ипотекалық борышкерлердің қарызы азаяды

Ипотека мәселесі бойынша негізгі қарыздың мөлшерін азайтып, қарызды жеңілдетілген кестемен қамтамасыз ететін болды

Проблемалық ипотекалық борышкерлердің қарызы азаяды Нина Зотина


Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың негізгі қарызы азайтылып, қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады. Осы мақсатта ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктің мәліметінше, бұл шаралар бұрын қайтарымды негізде бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

"Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы билік органдарының жеке тұлғалардың кіріс деңгейін арттыру бойынша жұмысы бағдарламаға енгізілген өзгерістермен қатар, жиынтығында қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді", - дейді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің қарыз алушыларды қолдауға 130 миллиард теңге бөлгені айтылады.

"Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын атап өтеміз, қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей кредиторбанкке өтініш беру қажет", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир