Өтемақы (сыйлықақы) төлеуге келісім беру туралы өтінішті қабылдау мерзімі 2023 жылғы 10 ақпанға дейін ұзартылды
2022 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп ЕДБ салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың теңгелік депозиттерінің көлемі мен тартымдылығын қолдау, банк секторын қорландыру базасын тұрақтандыру және долларландыру деңгейінің өсуін тежеу мақсатында ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 30 желтоқсанда ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Өзгерістермен мұрагерлердің өтемақы (сыйлықақы) алу мүмкіндігі көзделген.
Сондай-ақ, өтемақы (сыйлықақы) төлеуге келісім беру туралы өтінішті қабылдау мерзімі 2023 жылғы 10 ақпанға дейін ұзартылды.
Өтемақыны (сыйлықақыны) жоғалтпай өтелетін депозитті талап ету бойынша салымшының құқығына қатысты норма енгізіледі.