Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көмек көрсетілетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік танытты. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз! Қ.Нұртазиновтың отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Президент қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігін атап өтті.