Құбырларды жаңарту арқылы от жағатын маусымда апат санын азайту көзделген
Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің бірқатар бөлігінде жол жабылады. Бұл туралы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан хабарлады.
26 шілде күні кешкі 20:00-ден бастап 28 шілде 19:00-ге дейін Төле би көшесінде А.Байтұрсынов пен Б.Шағабутдинов аралығында жол жабық болады.
«Бұл аумақта су, кәріз, жылу желілерін ауыстыру жоспарланған. Құбырларды жаңарту арқылы от жағатын маусымда апат санын азайту көзделген. Тұрғындардан уақытша қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.