Алексей Цой: Олар біздің есімізде мәңгі нағыз батыр болып қалады

Facebook
Facebook
Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты. Министр COVID-19 ендетінің еліміздің жүздеген азаматының өмірін қиғанын жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады», – деді А. Цой. 

Министр бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті. 

«Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмысымызды жалғасатырудамыз», – деп мәлімдеді министр. 

Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда, қосымша төсек орындар ұйымдастырылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан-жақты зерделенуде және жетілдірілуде. Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуде белсенді атсалысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың маңызды рөлін атап өтті. 

«Біз біргеміз, біз панедмиямен жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін», – деп елімізідің бас дәрігері Алексей Цой сөзін түйіндеді. 

Айта кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бүгін коронавирус індетімен күрес жолында бақилық болған барлық дәрігерлердің тізімін жариялады.

Новости партнеров