Биыл елімізде 60,5 млрд текше метр газ өндіріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Өткен жылы 1,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде газ өндірісі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған кен орындары есебінен өндіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Соңғы жылдары елімізде газ өндірудің тұрақты өсуі – газ саласының даму қарқынының айғағы. Биыл 60,5 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отырмыз. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 30 млрд текше метр газ өндірілді, бұл биылғы жоспардың 49,5%-ы. Газ өндірудің негізгі өсімі ірі кен орындары – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған. Өткен жылы тауарлық газды өндіру көлемі 29,8 млрд текше метр болды, биыл 29,8 млрд текше метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд текше метр газ өндірілді, бұл жоспардың 50%-ы», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, өткен жылы 1,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілген.

«Осы жылғы жоспар да 1,6 млн тонна және осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 0,8 млн тонна өндірілді. Бұл осы жылға арналған жоспардың 53,3%-ы», - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Шымкентте қарулы қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды

Новости партнеров