Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, үйсін өнері мұраларынан кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
«Қошқармүйіз оюы 10-15 мың жыл бұрын пайда болған. Ою мен өрнек – екеуі екі бөлек. Ою ойғанның ойы ұшқыр. Яғни, ою – ойлаудың, ойланудың көрінісі. Өрнек ол – сәндеу, нақыштау үшін қолданылады. «Қошқар мүйіз» оюын алып қарайтын болсақ, ол – байлық пен молшылықтың ғана белгісі емес. Одан бес-алты кескінді көреміз. Пішіні қошқардың мүйізіне ұқсағанымен пирамида, Ұлытауға шығу, Ұлытаудан түсу, өмір ағашы бар. Мұның бәрі – тәңіршілдіктің белгісі», – дейді Күріш Ханый.
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады.
«Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатьін. Оларға әртүрлі қоспаларды қосып, бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әртүрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған», – дейді қала тұрғыны.
Күріш Ханый жастардың қазіргі уақытта қазақтың ою-өрнектерін заманауи киім-кешекке өрнектеп киетіні қуантарлық жайт екенін айтады. Әжеміз барлықтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, молшылық пен бақыт тіледі.
Оңғар Бауыржанұлы
Фото-видео; автор