Коронавирус: әлемдегі эпидемиологиялық жағдай қандай

eurointegration.com.ua
eurointegration.com.ua
Малайзияда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты барлық шетел азаматтарының ел аумағына кіруіне және жүруіне шектеулер енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Германия елдегі шектеу шараларын 18 сәуірге дейін ұзартты. Бұл туралы елдегі 16 өңірдің басшылығы мен билігі дүйсенбі күні келісті. Дәрігерлер сол күні 16 мың жаңа диагнозды тіркеген. Бүкіл ел бойынша ауруға шалдығу деңгейі әрбір 100 мың адамға 100 оқиғадан асып түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алайда карантинді үнемі ұзартып отыру шаралары наразылық тудыртып отыр. Берлин қаласында туристік және қонақүй саласының қызметкерлері манифестацияға шықты. Олар биліктен икемділікті талап етуде. Осылайша, кеше неміс билігі Балеар аралдарын қауіпті аймақтар тізімінен алып тастаған соң, неміс жұрты сол жаққа асыға бет алды – олардың көбі демалысты туған елде өткізуге дайын екенін, бірақ өздерінде амал қалмағанын ашық айтты. 

Өз кезегінде, Еуроодақ Мадридті шектеу шараларын тым қысқартпауға, елге келіп жатқан туристер ағынын жан-жақты қадағалауға шақырды: қазіргі кезде Испанияның түрлі аймақтары барлары әлі ашық тұрған Еуропа елдерінен қонақтарды көптеп қабылдауда. Осылайша, Австрияда шектеу шаралары бұрынғыдай сақталып қалатынын жариялады.Олар әлі кем дегенде батыс Пасхасы – сәуір айының бірінші демалыстарына дейін ұзартылады. 

Бұдан кейін Вена әрбір аймаққа карантинге қатысты шешімді өздігінен қабылдау құқығын беруге уәде етуде. Босния жұртының да өз үкіметінің әрекеттеріне көңілі толмай жүр. Баня-Лукада барлар, мейрамханалар мен қонақүйлердің иелері наразылық шараларына шығып, мемлекеттік көмек көрсету талабын білдірді. Босниядағы жағдай тым күрделі: елде вакциналау әлі басталған жоқ, ал ауруға шалдыққан адамдар саны соңғы екі аптада күрт өскен, ауруханаларда науқастарды жатқызатын орын азайып барады.


Францияда коронавирустың жаңа жағдайлары мен ауруханалардың толып кетуіне байланысты ішінара карантин енгізді. Шұғыл жағдайларды қоспағанда үйден 10 км-ден астам қашықтықта жүруге тыйым салынады. Көптеген дүкендер жабылған, аймақ аралық қатынасқа тыйым салынған, азаматтардан тек үйден жұмыс істеуін сұралып отыр.

Польшада да індеттің өршуі байқалған. 21 наурызда елде COVID-19-тің 21 849 жаңа жағдайы тіркелген, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 27% -ға артық болып отыр. Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі барлық жаңа жағдайлардың 80% -ы британдық штаммнан туындағанын айтып отыр.

Малайзияда COVID-19 індетінің өршуіне байланысты барлық шетел азаматтарының ел аумағына кіруіне және жүруіне шектеулер енгізілген.⠀2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Малазияға ұшып келген екі жастан асқан барлық әуе жолаушылары үш күн ішінде алынған COVID-19 теріс нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасын ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекетке келген барлық адамдар Малайзия үкіметі белгілеген мекемеде міндетті карантиннен өтуі керек (7 күн), анықтамасыз келген жолаушылар ПТР-тестілеуден өткізіледі (карантин 10 күнге дейін ұзартылады).

ПТР тестілеу мен карантин стационарына орналастыру бойынша барлық шығындар (976 доллар немесе 1085 доллар - анықтаманың болуына байланысты) саяхатшының есебінен жүргізіледі.

Бұдан бөлек, шетел азаматтарына карантинге орналасу жағдайын таңдау құқығы берілмейді - бұл қонақ үй, отель, санаторий немесе емхана болуы мүмкін.

Новости партнеров