Алматыда «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлымен кездесу өтті

Алматыда «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлымен кездесу өтті
Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданы тұрғындары «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын, Рүстем Қайыртайұлымен кездесті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат - ел руханиятына сүбелі үлес қосқан танымал тұлғаның танымды әңгімесін тыңдап, айтыс өнерін тамашалау, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соңғы кезде мұндай адамгершілік, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтар тақырыбындағы кездесулер сирек. Осындай шаралар адамның рухани тұрғыда дамуына септігін тигізеді деп санайды ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, кездесу барысында айтыскер ақынға тұрғындардан әртүрлі сұрақтар қойылды. Айтыс өнерін серік еткен Рүстемнің өнер жолындағы жетістіктері баяндалды.

«Біз айналысып жүрген айтыс деген дүние - рухани жаңғырудағы бел ортасындағы дүние. Біздің де насихатымыз, халықтың салты, дәстүрі, тілі өлмеуі үшін, ол ұлттық дәлелі, әдет-ғұрпы нақыштары. Өте қазақи тұрғындар бұл Наурызбай ауданында. Нағыз жаны қазақтар, қаны қазақтар деп айтса болады», – деді  айтыскер ақын Рүстем ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ.

Новости партнеров