Биыл ең ірі мұнай-газ компаниясы IPO-ға шығарылады

Биыл ең ірі мұнай-газ компаниясы IPO-ға шығарылады
Бүгінгі таңда AIX жүйесінде 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік брокерлер тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың ең ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаздың» акцияларын сатып алуға мүмкіндігі бар. Компанияның акциялары бастапқы жария ұсыну арқылы жүзеге асырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Инвесторлардан өтінімді қабылдау 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашада, ал бөлшек инвесторлар үшін 2 желтоқсанда аяқталады.

Сонымен қатар,  жеке инвесторлар – Қазақстан азаматтарына басымдық береді. Осылайша, халықтық IPO форматын қамтамасыз ету жүзеге асады. IPO барысында «ҚазМұнайГаздың» қарапайым акциясының бағасы 8 406 теңге болады.

Акцияларды орналастыру екі платформада – Astana International Exchange (AIX)  және Қазақстан қор биржасында (KASE) өтеді.

«Біз AIX сауда қызметін төрт жыл ішінде шетелдік және жергілікті инвесторлар әлемдік деңгейде интеграцияланған капитал нарығын құра алдық. Ірі қазақстандық компаниялардың IPO-сын өткізіп, тәжірибе жинақтадық. 2018 жылы өткен листинг пен «Қазатомөнеркәсіптің» кейінгі екі SPO-ның нәтижесінде оның акция құнының өсімі 383%-ға жетті. KASPI қосымшасы арқылы да жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Оның  максималды өсім 252% болды», дейді AIX басқарма төрағасы Ренат Бектұров.

  • AIX-те сауда жасау арқылы инвестор ашық, әділ және реттелген нарықта жұмыс істейтіне;
  • Мәмілелер бойынша дәл және уақтылы есеп айырысуға;
  • Әділ баға бойынша сауда-саттыққа сенім арта алады.

Бүгінгі таңда AIX жүйесінде 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік брокерлер тіркелген. Олар арқылы IPO-ға қатысуға және қор биржасында бағалы қағаздармен сауда жасауға болады.

AIX еуропалық, американдық, азиялық және қазақстандық есеп айырысу банктерімен жұмыс істейді, бұл геосаяси жағдайға қарамастан биржаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біздің мақсатымыз – табыс деңгейі мен қаржылық сауатына қарамастан, Қазақстанның барлық азаматының биржада сауда жасауын жеңілдету», – деп атап өтті Ренат Бектұров.

«Халықтық IPO» аясында қазақстандықтар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын Астана халықаралық биржасында үш жолмен сатып ала алады:

  • Қарапайым әрі жылдам әдіс – Tabys қосымшасы арқылы тікелей жазылу. Сізге бар болғаны тек смартфон, интернетке қолжетімділік, жеке куәлік пен банк картасы қажет. Бұл ретте тікелей жазылу үшін комиссия ұсталмайды  – тек транзакция үшін банктік төлем алынады.
  • «Қазпошта» АҚ мен AIX интеграциясының арқасында сіз  Қазақстан бойынша 1000-нан астам бөлімше арқылы тікелей жазылымға өтініш бере аласыз. Тікелей жазылым акцияларды бірден сатуды жоспарламайтын немесе брокерді таңдауға асықпайтын, бұның бәрін кейінірек жасауды жоспарлайтын жандарға өте қолайлы.
  • Брокерлер – AIX және KASE биржасының сауда мүшелері арқылы.
Новости партнеров