Бүгінгі таңда AIX жүйесінде 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік брокерлер тіркелген
Қазақстандықтардың ең ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаздың» акцияларын сатып алуға мүмкіндігі бар. Компанияның акциялары бастапқы жария ұсыну арқылы жүзеге асырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Инвесторлардан өтінімді қабылдау 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашада, ал бөлшек инвесторлар үшін 2 желтоқсанда аяқталады.
Сонымен қатар, жеке инвесторлар – Қазақстан азаматтарына басымдық береді. Осылайша, халықтық IPO форматын қамтамасыз ету жүзеге асады. IPO барысында «ҚазМұнайГаздың» қарапайым акциясының бағасы 8 406 теңге болады.
Акцияларды орналастыру екі платформада – Astana International Exchange (AIX) және Қазақстан қор биржасында (KASE) өтеді.
«Біз AIX сауда қызметін төрт жыл ішінде шетелдік және жергілікті инвесторлар әлемдік деңгейде интеграцияланған капитал нарығын құра алдық. Ірі қазақстандық компаниялардың IPO-сын өткізіп, тәжірибе жинақтадық. 2018 жылы өткен листинг пен «Қазатомөнеркәсіптің» кейінгі екі SPO-ның нәтижесінде оның акция құнының өсімі 383%-ға жетті. KASPI қосымшасы арқылы да жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Оның максималды өсім 252% болды», – дейді AIX басқарма төрағасы Ренат Бектұров.
Бүгінгі таңда AIX жүйесінде 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік брокерлер тіркелген. Олар арқылы IPO-ға қатысуға және қор биржасында бағалы қағаздармен сауда жасауға болады.
AIX еуропалық, американдық, азиялық және қазақстандық есеп айырысу банктерімен жұмыс істейді, бұл геосаяси жағдайға қарамастан биржаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Біздің мақсатымыз – табыс деңгейі мен қаржылық сауатына қарамастан, Қазақстанның барлық азаматының биржада сауда жасауын жеңілдету», – деп атап өтті Ренат Бектұров.
«Халықтық IPO» аясында қазақстандықтар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын Астана халықаралық биржасында үш жолмен сатып ала алады: