Ертең Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

otyrar.kz
otyrar.kz
ТЖД төтенше жағдайлар орын алған жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы ТЖД Instagram парақшасында құлақтандыру жүйесін тексеру мақсатында Алматы каласында 29 қыркүйек күнi сирена дыбыстары естiлетiнін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

2022 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласының ТЖД жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын жоспарлы түрде тексереді. Оқу-жаттығу тексеруі электр дабылдарын қосу арқылы теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы халыққа хабарлайды.

Төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін, «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылы беріліп, электросиреналар немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады.

Барлық ересек адамдар өздері үрейге берілмей, балаларға сиренаның дыбысы - «Баршаның назарыңа!» дабылы екендігін түсіндіру қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз-олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез-келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырады.

Сонымен қатар Алматы қ. ТЖД төтенше жағдайлар орын алған жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салды.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

- радио және теледидарды қосыңыз;

- шұғыл хабарды тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Новости партнеров