Референдумға дейін:
17
күн
10
сағат
56
минут

Тараздағы аудандардың бірінде түнде жарылыс болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараздағы аудандардың бірінде жарылыс болып, құтқарушылар оқиға орнына барды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі @taraznews.kz Instagram арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, 19-үйдің маңында, Қарасу шағынауданында газ жарылған. Полицейлер бұл жерді қоршап алған, кейінірек қалалық қызметтер осы жерде жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

- Куәгерлердің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша жер асты газ құбыры қатты жарылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі белгісіз, - деді журналистер.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға сенбі күні кешке болған.

- №26 үйдің маңында, 5-шағынауданда жер астында жарылыс болды деген хабар келді, - деп жазылған жауапта.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

Новости партнеров