Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырып, бір күнге қартайды

01.03.2024 14:56

Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір отандастарымыз қызық өзгерістерге тап болды

Almaty TV

Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды - электрон құжаттарда туған күні өзгерген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Банктердің бірінің "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге "қартайғанын" - туған күні өзгергенін анықтады.

Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Кейбіреулерде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені анықталды.

Мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Мұны бірнеше рет басу қажет болуы мүмкін. Оған қоса, қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі орнады