Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген
Наурыз мерекесі қарсаңында Наурыз, Көктем есімді қанша қазақстандық бар екені белгілі болды , деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде Наурыз есімді 1472 адам бар, Наурызбай – 2940 адам, Наурызбек – 3206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызғали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызгүл – 113 адам, Наурызгуль – 61 адам.
Көктем есімді 25 адам бар, ал Коктем - 18 адам.
Қазақстанда Күміс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген. Қазақстанда Құрт есімді бес адам тұрады.
Наурыз - түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мейрамы. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күндерінде тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек.
Оқи отырыңыз: Жарты ай демалыс: наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады