Алматы хайуанаттар паркіне жаңа басшы тағайындалды

voxpopuli.kz
voxpopuli.kz
Соңғы жылдары хайуанаттар паркіне келушілердің саны 42%-ға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы зообағына тағайындалған жаңа басшы  Вячеслав Банщиковқа қала әкімі Бауыржан Байбек бірқатар тапсырма жүктеді. Зообақтар мен аквариумдардың еуропалық ассоциациясы мүшелерінің тізіміне ену үшін барыс пен аю, қасқыр апандарын салу мен абаттандыру жұмыстарын дер кезінде  аяқтау қажет, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Одан кейін, зообақ аумағында заманауи қондырғылармен жабдықталған жаңа ветклиника салу және бұлақтарды реконструкциялау жобасын іске асыру жобасы жүктелді. Оған қоса, хайуанттар паркінің жаяу жүргінші аймағын қайтадан толық жөндеуден өтуі тиіс. Бұлардан өзге, қала басшысы , қалалық мәслихат депутаты Вячеслав Банщиковқа аңдарды  жеммен қоректендіру үшін зообаққа қарайтын  қосалқы шаруашылықты қолға алу керектігін де баса айтты.

«Біз жаңа басшы кандидатурасын іріктеуге жете мән бердік, өйткені хайуанаттар паркінің одан әрі дамуы жаңа басшының жеке қасиеті мен кәсіби біліктілігіне тікелей қатысты. Вячеслав Банщиков Алматыда туған, осында білім алған және осында тұрады. Тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысатын меценаттың қала үшін жасаған игілікті істері өте көп», – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Соңғы жылдары хайуанаттар паркіне келушілердің саны 42%-ға өскен. Сәйкесінше, кәсіпорын кірісі де 20%-ға артқан. Парктің айналасы және хайуанаттар тұратын орындар абаттандырылып, оның ішіде 11 қысқы орын жөндеуден өтті. Ақ аюдың, амур барысының, тапирдің жаңа вольерлері мен аквариум жаңадан  жасалды.

Новости партнеров