«Анам асылып өл деді»: жүкті боп қалған 21 жастағы қыз жұрттан ақыл сұрады

«Анам асылып өл деді»: жүкті боп қалған 21 жастағы қыз жұрттан ақыл сұрады
Қазір құрсағымдағы сәбиім 4 айлық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Амансыздар ма, қымбатты оқырман! Мүмкін болса есімім жасырын болса деймін. Менің ешкіммен бөлісе алмайтын бір сырым бар. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз қажет боп тұр. Аяғына дейін оқып, ақыл қосыңыздаршы өтініш.

Жасым 21-де. Алматы қаласындағы жоғары оқу орыдарының бірінде 3-курс оқимын. Үйде жалғыз қызбын. Құдайға шүкір, менде бəрі бар. Бірақ өзім сондай ақымақпын. Неге дейсіз ғой? Мені 17 жасымда ауылдағы бір нашақор бала зорлап кеткен. Ол өзінше жеке əңгіме. Сол жігіттен аяғым ауыр боп қалып, бірақ оны ешкімге айтпай, үндемей жүре бердім. Сөйтіп, ата-анам менің жүкті екенімді ішім шыққанда бір-ақ білді. Оларға сол кезде болған жайды айттым. Сонымен босанып, балам шетінеп кетті.

Енді тағы тура да сондай жағдай қайталанып отыр. Иə, білем, мынаны оқып мені жек көріп отырған боларсыздар. Менің 11 кластан бері сөйлесіп жүрген жігітім болатын. Бірақ әлгі нашақор жігіттен аяғым ауыр боп қалғанын естіген кезде ол мені тастап кетті. Алайда көп ұзамай, ол «бəрібір сені жақсы көрем» деп, қайтып келді. Мен де оны жақсы көргендіктен, кешірдім. Солайша татуласып кеттік. Міне енді сол жігіттен аяғым ауыр. Сезімге ерік бердік. Нəпсінің жетегінде кеткенімді мойындаймын. Ол үшін қазір өзімді жек көріп те жүрмін. Шынымды айтсам, өліп қалғым-ақ келеді. Қазір құрсағымдағы сәбиім 4 айлық. Басында ол мен оны мазалай қоймадым, себебі өзі мені үйіндегілермен таныстыратын болған. Бірақ одан кейін ол сөзінен тайып шықты. Соған қатты ашуланған мен ол үйге өзім барып, ата-анасымен сөйлестім. Әкесі жігітімнен: «енді не істейсің, үйленесің бе?» деп сұрап еді,  ол жоқ деді. Содан әке-шешесінің маған айтпаған сөзі жоқ. Барлығына өзімді кінәлады. Барғаныма өкініп қалдым. Бұл жағдай жайлы анам əлі білмейді. Бірақ ол кісі екінші рет осындай жағдай қайталанса, «бар да асылып өл» деп ескерткен болатын. 

Əке-шешемді іш құса қып өлтіретін болдым əбден. Жігітім «мен сені алмаймын, бірақ баланы ту, қолымнан келгенше көмектесемін» деп отыр. Бірақ мен оған сене алмаймын, ол сөзінде тұрмайтын адам. Қанша жек көріп отырсаңыздар да, сіздерден кеңес сұраймын: мынадай жағдайда не істесем болады? Өтініш, мені сөге көрмеңіздерші. Онсызда қиналып жүрмін. Араларыңызда психологтар болса, маған көмектесіңіздерші. Барлығыңызға Алланың нұры жаусын!

Дереккөз: Alashainasy.kz

Новости партнеров