Президент Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды
depositphotos.com
Жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасын іске қосу туралы бастама көтерген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45