Биылғы жылдың қыркүйегінде Speedtest Global Index мәліметтері бойынша Қазақстандағы мобильді интернеттің медианалық жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа жетті. Бұл өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Салыстыратын болсақ, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 21,4 Мб/с құрады. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстаннан кейін Қырғызстан(19,6 Мб/с), одан кейін Өзбекстан (15,8 Мб/с), одан кейін Тәжікстан (7,9 Мб/с) келеді. Ал Түркіменстан бойынша соңғы деректер тек осы жылдың мамыр айында тіркелді: 5 Мб/с.
Әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 2022 жылдың қыркүйегінде 33,2 Мбит/с құрады. Бұл көрсеткіштен Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар көшбасшы болды. Естеріңізге сала кетейік, Speedtest жаһандық индексі бұрын қолданылған кең жолақты Интернетті жүктеудің орташа жылдамдығынан көпшілік үшін индикатор ретінде медианаға ауысты.