Мемлекет басшысы Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

03.01.2022 15:59
Акорда

Мемлекет басшысы Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Қ. Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», – деп жазды Мемлекет басшысы.