Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда, қолданушы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады
Енді қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңба алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
ЭЦҚ-ны онлайн алу үшін келесі қадамдарды жасау қажет:
– egov.kz порталына немесе http://pki.gov.kz сайтына тіркелу керек;
– веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту керек;
– сәйкестендіру сәтті өткен жағдайда, ЭЦҚ кілті бірден беріледі;
– егер сәйкестендіру сәтсіз болса (мысалы, деректер базасында фотосуреттің болмауы), пайдаланушыға 5 рет қайта әрекет етуге мүмкіндік беріледі.
Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда, қолданушы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.
– Аталған шара азаматтардың жеке дерегін қорғау деңгейін арттыруға және цифрлық жеке басын сақтау мақсатында енгізілген. Осылайша, ЭЦҚ-ны бөгде адамның иелену мүмкіндігі жойылады, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлер босану кезінде нәрестенің қолын жұлып алған