11 тамыздан бастап электронды цифрлық қолтаңба тек онлайн беріледі

06.08.2025 15:37

Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда, қолданушы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады

Mina Rad/ unsplash.com/

Енді қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңба алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

ЭЦҚ-ны онлайн алу үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

– egov.kz порталына немесе http://pki.gov.kz сайтына тіркелу керек;

– веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту керек;

– сәйкестендіру сәтті өткен жағдайда, ЭЦҚ кілті бірден беріледі; 

– егер сәйкестендіру сәтсіз болса (мысалы, деректер базасында фотосуреттің болмауы), пайдаланушыға 5 рет қайта әрекет етуге мүмкіндік беріледі. 

Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда, қолданушы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. 

– Аталған шара азаматтардың жеке дерегін қорғау деңгейін арттыруға және цифрлық жеке басын сақтау мақсатында енгізілген. Осылайша, ЭЦҚ-ны бөгде адамның иелену мүмкіндігі жойылады, - делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер босану кезінде нәрестенің қолын жұлып алған