Астана мен Теміртаудағы күдіктілердің 76 миллион теңгеге бағаланған мүліктеріне тыйым салынды
Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу қорытындысы бойынша олар өз жобасын шетелдік инвестициялық компания ретінде көрсетіп, халықты алдаған. Тіпті медициналық каннабис өсіру сынды «инновациялық» бағыттарды ұсынып, 52 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазір Астана мен Теміртаудағы күдіктілердің 76 миллион теңгеге бағаланған мүліктеріне тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамаққа алу және елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.
«Алаяқтық схеманы заңды әрі ашық етіп көрсету үшін жеке кабинеттері бар арнайы сайт әзірленген. Қолданушылар өз шотын SWP және SWCT ішкі токендерімен толықтырып, оларды фиат ақшасына айырбастай алған. Алайда салымшылардың қаражатын күдіктілер қажетіне жаратқан», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Түнгі рейд: Жамбыл облысында 5 мыңнан аса жасөспірім полицияға жеткізілді