Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Оқушы қызды зорлаған 50 жастағы ер адам ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында 9 жасар қызды зорлаған 50 жастағы ер адам 17 жылға сотталды. Ол оқушыны сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Сот талқылауы жарты жылға созылды. Сотталушы кінәсін мойындамағанымен, қылмысын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар болды.

Іс барысында белгілі болғандай, ер адам үйленген, елордада кран жүргізушісі болып істейтін. Былтыр қараша айында түскі үзіліс кезінде оқушы қызды көріп, үйіне дейін ізінен қалмайды. Аңғал қыз сантехникпін деп танысқан ер адамға сеніп, пәтерге кіргізген екен. Содан соң азғын арам ойын іске асырып, 9 жастағы қызды зорлап кетеді. Ер адам бұрын да қыз зорлағаны үшін сотталыпты, ол кезде 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ бостандыққа шыққан соң бұрынғы әдетіне қайта басса керек.

«Мен үкіммен келіспеймін. Соңғы отырыста жоққа шығарғанмын. Айғақтардың көпшілігі қиыспайды. Әділ шешіміңізге үміттенген едім», - деді ол сотта.


Новости партнеров