|
12.10.2023 | 11:00
2719

Тоқаев: 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді

Мемлекет басшысы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс деп есептейді

Тоқаев: 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді Фото: Алмас Гусман

Мемлекет басшысы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс деп есептейді. Бұл туралы Bridge форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

 - Сонымен қатар келесі жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс. Бұл бастама мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл шаралардың бәрі жасанды интеллект элементтерін пайдаланатын стартаптарымыздың Қазақстанда және әлемде сұранысқа ие, мүлде жаңа IT шешімдер жасауына мүмкіндік береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн.

 - Бұл мемлекеттің тиімді шешімдер қабылдауының негізгі шарты болады. 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр, - деді Президент.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2023 халықаралық технология форумын ашты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир