Жүргізуші куәлігінің түсі де өзгереді
Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа түрі пайда болады. Ішкі істер министрлігі эскизін де дайындап қойған екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жаңа құжаттың сырт келбеті ғана өгермейді. Онда жады ұлғайған чип орнатылады. Иесінің жеке ақпараттарымен қоса биометрикалық деректер де енгізіледі. Яғни, саусақ іздері енгізіледі. Аталған жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап жүзеге асады. Сол кезде ескі құжаттарды жаңасына ауыстыру керек болады. Бұдан бөлек, көлікті тіркеу куәлігі де өзгереді. Ішкі істер министрлігі бұл жұмыстардың қауіпсіздік үшін жасалып жатқанын жеткізді.