Қызды күшпен итеріп жіберді: атышулы видеодағы ер адамның кім екені анықталды
Болған жайтты оқиға куәгері таспаға түсіріп алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтау полициясы кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Лада басылымы.
Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беріпті.
Ведомство хабарлағандай, баланы итеріп жіберген ер адамның кім екені белгілі болған. Ол кішкентай қыздың туған ағасы болып шықты.
Тәртіп сақшылары жігітті жауапқа тартты.
Ақтау қаласының 17-ші шағын ауданында «Айрақты» тұрғын үй кешені жанында болған жайтты куәгер таспаға түсіріп алған.
Бейнежазбада ер адам кішкентай қызды көліктен сүйреп шығарып, бар күшімен итеріп жібереді. Тәлтіректеп құлаған бүлдіршін жанұшыра екінші көлікке қарай ұмтылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10