|
19.04.2019 | 11:13
3352

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті және Мажарстанның премьер-министрімен кездеседі

Сәуірдің 21-і күні Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті және Мажарстанның премьер-министрімен кездеседі иллюстративное фото

Сәуірдің 21-23-і күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келеді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24-і күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир