|
05.02.2019 | 11:03
4613

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған бойжеткен 3-қабаттан секіріп кетті

Кража невесты для юга — явление не из ряда вон, скорее обыденное. Но часто воровство заканчивается не пышным тоем, а трагедией

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған бойжеткен 3-қабаттан секіріп кетті  otyrar.kz.

Шымкентте полиция өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы Аружанның ісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды sn.kz.

«31 қаңтарда өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы қызға қатысты «Қысым көрсету және өзіне қол салуға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді полиция баспасөз қызметі.

Шымкенттегі 19 жастағы қыздың оқиғасы туралы өзінің Facebook-парақшасында Еркін Кахаров жазды.

«31 қаңтар күні Аружан үшінші қабаттан секіріп кеткен. Ол 18 жаста. Бірнеше жерінен жарақат алыпты. Оны 18 қаңтар күні Сұлтан есімді ер азамат алып қашып кеткен. Қызды зорлап, оны әр күн сайын қорлаған. Сөйтіп 3-қабаттан секіруге итермелеген. Сұлтан өзін Сүлейман деп атап, соңғы осы айда тағы да үш рет үйленбекші болыпты», – деп жазады ол.

Жазба авторының айтуынша, жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Ал қыздың телефонын ұлдың әке-шешесі тартып алыпты. Жақындары болған жағдай туралы ертесінде бірақ білген. 20 жастағы күйеубаланың ата-анасы тіпті қыздың туыстарына сес көрсетіп, полицияға хабар беруге қарсы болған.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир