Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv
Жамбыл облысы Аспара-Мерке орман шаруашылығында тұтанған өрттің аумағы бір жарым есеге ұлғайды. Қазір тілсіз жауды сөндіруге 270 адам мен 36 техника атсалысып жатыр. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлайды.
Орман шаруашылығының ақпары бойынша, қызыл жалын шамамен 300 гектар жерді шарпыған. Қазір аэровизуалды тексеру жүргізіліп жатыр.
– Таулы аймақ болғандықтан өрт сөндіру жұмыстары қиындық тудырып отыр. Өрт сөндіруге орман шаруашылығы мекемелері, төтенше жағдайлар жіне жергілікті атқарушы күштері мен құралдары,Қазавиақорғау мекемесінің авиатехникасы жұмылдырылды, – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев.
Оқ отырыңыз: Елордада зейнеткерлерден ақша алған алаяқ ұсталды