|
01.09.2024 | 11:04
363

Президент Өзбекстанды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

Президент Өзбекстанды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир