Жамбыл облысында жер сілкінді

31.05.2024 16:04

Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде

elements.envato.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 10:13 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің координаттары — 43.21 75.20.

Қазақстан Республикасының аумағында, атап айтқанда Жамбыл облысы Қордай ауданында 2 балл көлемінде сезілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда автобус апатынан 1 адам көз жұмды