|
07.11.2019 | 11:06
2536

Алматыда оңалту көмегін дамытуға басымдық берілмек

2004 жылы ашылғалы бері онда 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өтті

Алматыда оңалту көмегін дамытуға басымдық берілмек

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2004 жылы ашылған орталықта алғашқы күнінен бастап БЦП және аутизм диагнозы бар 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өтті. Бұл орталық – балалардың күні бойы ата-анасыз жүруіне мүмкіндік беретін елдегі алғашқы мемлекеттік емес мекеме.

Мұнда 3 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы, әлеуметтенуі және оқуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

«Жабдықталу жағынан флагман болып табылатын бұл орталықтың қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартып, оңалту мәселесін шешуде маңызы зор», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Орталық директорының м.а. Амина Өмірәлиева тірек-қимыл жүйесін дамыту, зияткерлік дағдылар, Монтессори және т.б. әдістерімен шұғылдануды қамтитын оңалту орталығының моделімен таныстырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир