|
07.11.2019 | 12:34
4482

Алматыда жазғы дөңгелекпен жүргендерді айыппұл күтіп тұр

5 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Алматыда жазғы дөңгелекпен жүргендерді айыппұл күтіп тұр Uzr.com.ua

Алматы полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасы автомобильшілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ауа райының нашарлауына және жауын-шашын түрінде қар, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүргізушілерге және көлік құралдарының иелеріне өз көлік құралдарында дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді. Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 8-қосымшасының 5.5-тармағына сәйкес жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы шинамен жинақталған Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте, қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалағына орнатылады", - дейді полиция өкілдері.

Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан кейін аталған талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-тармағына сәйкес 5 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны айтылады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир