Нұр-Сұлтан – Алматы рейсін орындау кезінде ұшақтың құспен соқтығысқаны анықталды

26.08.2020 16:06

Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр

Фото : poembook.ru

SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Нұрсұлтан-Алматы" рейсін орындау кезінде құспен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі DV 734 "Нұрсұлтан-Алматы" рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.

«Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», – деді компаниядағылар.

Ұшақты тексерген соң онда құстың іздері анықталды.

«Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр», – деді SCAT өкілдері.