Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

26.08.2020 в 16:14

Қазіргі кезде Шыңғырлау акданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 тамыз күні Шыңғырлау ауданында болды. 

Сағат шамамен 10.30-да аудандық полиция бөліміне Шыңғырлау-Сегізсай жолының 86-шақырымында 1993 жылғы жүргізуші «Lada Kalina» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалғаны жөнінде хабар түскен. 

Жол апаты салдарынан автокөлікте болған 1977 және 1972 жылғы әйелдер оқиға орнында көз жұмды. 

Жүргізуші айық болған. 

Қазіргі кезде Шыңғырлау акданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.