Жер асты дүмпуінің магнитудасы 4.9-ға жетті
Қазақстандық сейсмикалық станциялар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағында жер асты дүмпулерін тіркеді.
Жер сілкінісі бесінші желтоқсанда Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 08:46-да орын алған.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 442 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы MPV 4.9. Тереңдігі 15 километр", - делінген сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция мәліметінде.
Жер сілкінісінің сезілу деңгейі жайлы ақпарат түскен жоқ.
Атап өтсек, төртінші желтоқсанға қараған түні Алматы облысының бірнеше қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезген болатын. Мәселен, Текелі мен Талдықорғанда жер асты дүмпулерінің күші үш баллға дейін жеткен еді.