Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

03.10.2021 16:07
inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!» – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.