«Жол, балабақша және экология»: Наурызбай ауданы тұрғындарын жиі мазалайтын проблемалар белгілі болды

18.04.2019 16:08

Аудан әкімі тікелей эфирде тұрғындары сауалына жауап береді

иллюстративное фото

Бүгін «Алматы» телеарнасындағы «Әкіммен ашық әңгіме» жобасына Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Тоғай Санжар қонаққа келеді. Әкім тікелей эфир арқылы тұрғындардың сауалына жауап береді. Телебағдарлама кешкі сағат 19.30-да басталады.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкіміне қоятын сауалдарын бір аптадан бері телеарнамыздың ресми сайтына жолдап жатыр. Оқырмандар бүгінде сұрақтарға дауыс беруде. Ең көп дауыс жинаған 5 сауал тікелей эфир кезінде әкімге қойылады. Қалғандарына жазбаша жауап берілмек.

Бүгінге дейін келіп түскен 60-қа жуық сауалдан байқағанымыз, Наурызбай ауданының тұрғындарын негізінен жол мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы және көшелерді жарықтандыру секілді мәселелер мазалайды екен.

Десе де, келіп түскен сұрақтардың ішінде ең көп дауысқа ие болғаны – аудандағы Қарғалы өзенінің экологиялық ахуалы. Осы сұрақ 900-ге жуық дауыс жинап, көш бастап тұр. Сонымен қатар, Ақжар ықшамауданы көшелеріндегі шамдардың жоқтығы туралы сауал 700 дауыс жинап, екінші орынға жайғасқан. Аталған сұрақтарға бүгін кешкі сағат 19:30-да «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Наурызбай ауданының әкімі Тоғай Санжар Әділұлының өзі жауап береді.

Айта кеткен жөн, әкімге сауалды 18 сәуір сағат 15:00-ге дейін жолдауға болады. Үлгермеген жағдайда тікелей эфир кезінде +7 (727) 334 00 24 байланыс нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsApp мессенджеріне (+7 777 046-33-33) хабарлама жібере аласыздар. 


Теги: вопросы