Полицейлер кісі өліміне қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады
45 жастағы Жанаргүл Нұрғазиева кісі қолынан қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД».
Орал қаласы полиция басқармасының өкілдері Жанаргүл Нұрғазиеваның денесі табылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, полицейлер кісі өліміне қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
Айта кетейік, 45 жастағы Жанаргүл Нұрғазиева 15 сәуір күні жоғалып кеткен еді. Әйелдің жанында құжаттары, телефоны мен ірі көлемдегі қаражаты болған.
Оқиғаның басқа да мән-жайы тексеріліп жатыр.