Еңбек мигранттары ең көп келген ел - Қытай
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 835 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 806 жұмыс беруші бар. Оларда 428,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы.
Шетелдіктер ең көп жұмыс істеп жүрген сала:
Құрылыс – 4 825 адам
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам
Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 577
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 377 адам
Өңдеу өнеркәсібі – 1 351 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 248 адам, Өзбекстан – 1 956 адам, Түркия – 1 146 адам, Үндістан – 1 066 адам.
Оқи отырыңыз: Қостанайда 24 жастағы жігіт интернетте вирус таратқан