Сайлауға бірінші рет келген жастарға тәттілер таратылды
Алматылықтар №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатын сайлау науқанына белсене қатысуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аlmaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
Дәл қазір жұмыс барлық сайлау учаскесінде қызу жүріп жатыр. Тек бұл жолы музыка әуені еш жерден естілмейді, барлық жерде тыныштық. Себебі бүгін – Жалпы ұлттық аза тұту күні. Сайлау елімізде алғаш рет, қаза тапқан кеншілерді аза тұту күніне сәйкес келіп отыр.
- Біз әр сайлаушы үшін қуаныштымыз. Әдетте бізге әр түрлі жастағы адамдар келеді. Бізді тұрғындардың белсенділігі қуантады, - дейді №114 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Құралай Оспанова.
Алматы қаласындағы №54 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №114 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс беруге келген сайлаушыларға «Қазақстан» шоколадтары сыйлыққа таратылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда дауыс беру үшін 42 сайлау учаскесі ашылды