Алматыда дауыс беру үшін 42 сайлау учаскесі ашылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Сайлау учаскелерінде халыққа жағдай жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірмандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына қалалық мәслихат депутатына сайлау басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап. 

Учаскелер таңғы сағат 7.00-де жұмыс істей бастады. Өкінішке орай, бүгінгі сайлау ел тарихында бірінші рет Аза тұту күніне тұспа-тұс келді. Сондықтан барлық ғимаратта Көк байрағымыз түсірілді.

№82 және №85 учаскесінде жұмыс Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

- Біздің сайлау учаскеміз жүз пайыз дайын, қала тұрғындарының еш кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Біз бұл науқанда, әсіресе, жастар белсенділік танытады деп ойлаймыз. Бізде сайлау процесіне алғаш рет қатысатын 34 жас бар, - дейді №82 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Виктория Мустаева.

Сайлау учаскелерінде халықтың барлық тобына қолайлы жағдай жасалған. Мысалы көзі нашар көретін азаматтар үшін кандидаттардың өмірбаяндық деректері бар аудиороликтер дайындалды.

- Қаулыға сәйкес біз қажетті жағдайларды жасадық. Бұл құлаққаптар, стенд, компьютер, лупалар, арнайы трафареттер, – дейді №85 сайлау учаскесінің сайлау комиссиясының төрағасы Ардақ Смағұлова.

Жалпы, елде 2 облыстық депутат, 7 қалалық депутат және 12 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның 11 өңірінде Мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Новости партнеров