Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері қандай

15.11.2022 16:11

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам

gov.kz

Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы қазанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрдтеңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,5 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңге болды.