Әркімнің дауысы маңызды. Осылай деген актер Мақсат Сахиұлы барша қазақстандықтарды сайлауға барып, дауыс беруге шақырды.
"Біз - әртістер сайлауға Жаңа Қазақстанды құрамыз деген үмітпен барамыз. Сіздердің дауысыңыз өте маңызды, сондықтан да 20 қараша өтетін сайлауға келіңіздер", - деді актер.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.