"Жомарт жүрек" байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Жеңімпаздар 15-29 қыркүйек аралығында jomartjurek.ruh.kz сайтында дауыс беру арқылы анықталатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қайырымдылық саласында маңызды қызметті жүзеге асыратын жомарт жандар мен ұйымдарды анықтау мақсатында жыл сайын өткізілетін "Жомарт жүрек" байқауына қатысуға өтінім қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
- «Жыл тұлғасы» – қоғам мен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жеке ресурстарды бөлуге негізделген белсенді қайырымдылық қызметі үшін.
- «Жыл меценаты» – ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға қайырымдылық көмек көрсетуге негізделген белсенді меценаттық қызметі үшін.
- «Туған өлке» – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін.
- «Жылдың үздік ұйымы» – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін.
- «Жылдың үздік қамқоршысы» – әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ғана лауреат бола алады.
Өтінімдер маңызы бар қалалар мен аудандарда 30 мамырға дейін;
Облыстар, Республикалық маңызы бар қалалар 15 маусымға дейін;Ал Республикалық сыйлыққа үміткерлердің өтінімі 20 шілде мен 15 тамыз аралығында @jomartjurek.ruh.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Жеңімпаздар 15-29 қыркүйек аралығында jomartjurek.ruh.kz сайтында дауыс беру арқылы анықталатын болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33