Халықаралық волонтерлар форумы: 18 жастан бастап белсенді топтардың басшысы қатысады

фото ашық дереккөзден
фото ашық дереккөзден
Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Конкурсқа қатысуға белсенді волонтерлерді, волонтерлік жобалардың үйлестірушісі, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшысын шақырамыз", – делінген хабарламада.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы танысып, өтініш беруге болады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді.

Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.

Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/550298?lang=kk

Новости партнеров