«Жол, балабақша және мектеп»: Бостандық ауданы тұрғындарын жиі мазалайтын проблемалар белгілі болды

pikabu.ru
pikabu.ru
Аудан әкімі тікелей эфирде тұрғындары сауалына жауап береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін «Алматы» телеарнасындағы «Әкіммен ашық әңгіме» жобасына Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов қонаққа келеді. Әкім тікелей эфир арқылы тұрғындардың сауалына жауап береді. Телебағдарлама кешкі сағат 19.30-да басталады.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкіміне қоятын сауалдарын бір аптадан бері телеарнамыздың ресми сайтына жолдап жатыр. Оқырмандар бүгінде сұрақтарға дауыс беруде. Ең көп дауыс жинаған 5 сауал тікелей эфир кезінде әкімге қойылады. Қалғандарына жазбаша жауап берілмек.

Бүгінге дейін келіп түскен 70-ке жуық сауалдан байқағанымыз, Бостандық ауданының

тұрғындарын негізінен жол мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы және көшелерді жарықтандыру секілді мәселелер мазалайды екен.

Десе де, келіп түскен сұрақтардың ішінде ең көп дауысқа ие болғаны – аудандағы Сычкина Вероника атты тұрғынның сауалы. Оны есік алдында балалар ойнайтын алаңқайдың жоқтығы алаңдатады. Әзірге бұл сұрақ 900-ден астам дауыс жинап, көш бастап тұр. Сонымен қатар, Гагарин мен Розыбакиев көшесінің тұрғындары мектеп пен балабақшаның жоқтығын айтып шағымданған. Бұл сауал 250 дауыс жинап, екінші орынға жайғасқан. Аталған сұрақтарға бүгін кешкі сағат 19:30-да «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов өзі жауап береді.

Айта кеткен жөн, әкімге сауалды 2 мамыр сағат 15:00-ге дейін жолдауға болады. Үлгермеген жағдайда тікелей эфир кезінде +7 (727) 334 00 24 байланыс нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsApp мессенджеріне (+7 777 046-33-33) хабарлама жібере аласыздар.

Новости партнеров