Жүргізуші жол үстінде қауіп тудырғаннан бөлек, мемлекеттік нөмірді шешіп тастаған
Жол ережесін өрескел бұзған көліктер өзге машиналардың жүруіне кедергі келтіріп, артқа қарай қозғалыс жасаған. Жастардың бұл қылықтарын куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі «автобуста баламмен кетіп бара жатқанмын. Осылардың кесірінен балам басын екі рет ұрып алды» - деп пікір қалдырған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын жіті зерттеп жатыр. Ал, жүргізуші жол үстінде қауіп тудырғаннан бөлек мемлекеттік нөмірді шешіп тастағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.