Мұндайды жануарлар әлемінде дицефал деп атайды
Табиғатты қорғаушылар Мабул аралынан екібасты тасбақаны тапты, деп хабарлайды Stan.kz.
Ғалымдар ғылыми орталықта туған 13 мың тасбақаның ішінен екібастысын алғаш кездестіргендерін айтады. Теңіз биологы Дэвид Макканн тасбақаның екі басының да сезім мүшелерінің дамығанын айтады.
«Бұл – бір таңғажайып жаратылыс. Оң және сол жақтағы бас өздігінен қызмет атқарады. Жүзгенде де екеуі кезектесіп отырады», – дейді ол.
Мұндайды жануарлар әлемінде дицефал деп атайды. Бір денеден шыққан екібасты егіздер табиғатты өте сирек кездесетін құбылыс.
Жаратылысы ерекше мұндай тасбақаның күтімсіз өмір сүруі қиын. Биологтар тасбақаның бір басы терең тыныс ала алмайтынын байқады. Қазір екібасты тасбақаны арнайы кішігірім ыдыста ұстайды. Ал тасбақаның қалған балалары Мабулдағы орталықта қалды.